Қарасазда халықпен ашық диалог өтті
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Жалғас Мұртаза Қарасаз ауылдық округінің тұрғындарымен ашық кездесуіне қатыстым.

Кездесу барысында Қарасаз ауылдық округінің әкімі Жанар Нұрмұратқызы округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ақпарат беріп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан жол, инфрақұрылым, әлеуметтік мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойылып, көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты сала басшылары тарапынан нақты жауаптар берілді. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назарға алынып, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Мұндай ашық диалогтар халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешуге мүмкіндік береді.