ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Аудандық мәслихаттың «Білім, тілді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі, спорт мәселелері» жөніндегі комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.
Жоспарға сәйкес жыл бойы келесі өзекті мәселелер қаралады:
І тоқсан – Аудандағы мектептердің материалдық-техникалық жағдайы, кадр тапшылығы, білім беру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар туралы.
ІІ тоқсан – Аудан мекемелерінде тілдің қолданылуы, іс қағаздардың жүргізілуі, көрнекі ақпарат, тілдерді оқыту және жастар арасында қазақ тілін насихаттау жұмыстары туралы.
ІІІ тоқсан – Ауданның білім мекемелерінің жаңа оқу жылына, жылыту маусымына дайындық жұмыстары және оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстары.
IV тоқсан – Ауданда этносаралық қатынастардың тұрақтылығы, конфессияаралық ахуалдың сақталуы және этномәдени бірлестіктермен бірлесіп жұмыс жүргізу арқылы радикализмнің алдын алу жұмыстары туралы.
Сонымен қатар, комиссия мәжілістерін уақтылы өткізу, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, сайлаушылармен кездесулер және қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру жоспарланған.
Байзақ аудандық ақпараттық медиа орталығы