ҚАЗА БОЛҒАН ОРМАНШЫЛАРДЫҢ РУХЫНА АРНАП АС БЕРІЛДІ
Осы аптаның сәрсенбісінде аудан орталығындағы «Айсымбат» мейрамханасында Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің ұжымы 2023 жылдың маусым айында Абай облысындағы «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында болған алапат өрт салдарынан қаза тапқан орманшылардың рухына арнап ас берді.

Тағзым шарасына аудандық мәслихаттың төрағасы Нұртас Саурықов, ауданның еңбек ардагерлері Бекмұрат Жамбылов, Сәбит Оразымбетов, Мұратхан Естаев, сондай-ақ аудандағы «Ұланбел», «Көктерек» «Бурыл-Байтал» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелерінің директорлары, орманшылық саласының ардагерлері Бодаубек Жүндібаев, Есмағамбет Тілеужанов, Асқар Оңғарбаев, Көшкімбай Әбдірахманов және аталған мекеменің ұжым мүшелері қатысты.

Жиналған қауым алдында сөз алған Сәбит Оразымбетов, Мұратхан Естаев, Бодаубек Жүндібаев, Талғат Асқаров, Есмағамбет Тілеужанов, Қайрат Мұқатаевтар бұл шараның маңыздылығына тоқталып, әріптестерін еске алу – адамгершіліктің, азаматтық жауапкершіліктің және кәсіби ынтымақтың жарқын көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ олар орманшылардың ел мен табиғат алдындағы ерлігін әрдайым жадымызда сақтау – баршамыздың борышымыз екенін жеткізді.
Өз кезегінде Мойынқұм орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры Бауыржан Шайшаев жиналған қонақтарға алғысын білдіріп, шараның тағылымдық мәніне ерекше тоқталды. Сонымен қатар осы игі бастаманың ұйымдастырылуына ұйытқы болған орман өрт сөндіру станциясының бастығы Сағындықов Болат Зауытбайұлы мен орманды қорғау инженері Мұхатаев Қайрат Жүнісбекұлына арнайы ризашылығын білдірді.
Шара қасиетті Құран бағыштаумен басталып, қаза тапқан азаматтардың рухына Құран оқумен аяқталды.
Аталған алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман саласының ержүрек қызметкерлерін еске сала кетуді жөн көрдік:
Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы – «Семей орманы» РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының орман шаруашылығы басшысы (20.12.1989 ж.т.)
Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы – Новошульба филиалының орманды қорғау және қорғау инженері (17.03.1996 ж.т.)
Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы – Новошульба филиалының басқарушысы (11.12.1964 ж.т.)
Губаев Алексей Григорьевич – Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы, орман шебері (07.02.1993 ж.т.)
Фоминов Максим Владимирович – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор (17.08.1998 ж.т.)
Нұржігітов Саят Нұржанұлы – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор (21.06.1972 ж.т.)
Наченов Константин Сергеевич – күзет инспекторы (12.01.1983 ж.т.)
Сидорин Виктор Александрович – аумақтарды қорғау жөніндегі бақылаушы (4.05.1960 ж.т.)
Сидорин Александр Викторович – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор (11.04.1984 ж.т.)
Позырев Николай Иванович – өрт сөндіру машинасының жүргізушісі (23.11.1968 ж.т.)
Позырев Сергей Николаевич – орман өрт сөндірушісі (20.10.1992 ж.т.)
Азамкин Петр Александрович – орман өрт сөндірушісі (15.06.1971 ж.т.)
Дарибаев Александр Викторович – тракторшы-машинист (29.08.1974 ж.т.)
Ганшин Даниил Евгеньевич – өрт сөндіру көлігінің жетекшісі (24.06.1981 ж.т.)
Табиғатты қорғау жолында қаза тапқан азаматтардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, олардың жарқын бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.
Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
Мойынқұм ауданы