Сенат маңызды заңдар топтамасын мақұлдады
Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Күн тәртібінде заңдар қаралып, депутаттық сауалдар жолданды.

Сенаторлар Қазақстан Үкіметі мен OPEC Халықаралық даму қоры арасындағы келісімді ратификациялау туралы заңды мақұлдады. Құжат жеке сектор жобаларын қаржыландыру мен инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ күзет қызметі, қару айналымы және құқық қорғау органдары қызметіне қатысты заң қаралды. Оның нормалары мемлекеттік бақылауды күшейтуге және тұрғын үй төлемдері тетіктерін жетілдіруге арналған.