«Әпкеме хабарлапты»: Белгісіз біреу Мақпал Жүнісованы қорқытқан

0 37

Қазақстанның Халық әртісі, белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзін белгісіз бір адам әпкесіне хат жазып, қорқытқанын айтты.

Хатта Мақпал Жүнісованың үш жылдан бері үйіндегі газдың ақысын төлемей жүргені хабарланған.

«Жүнісова Мақпал ханымға айтасыз ба, үш жылдан бері төлемеген қарыздары бар. Қызына неше рет айтылды, өзі бізді бұғаттап тастаған. Бүгін төлемесе, ертең техниктер газды өшіреді. Соңғы ескерту», — деп жазылған.

Алайда қнер иесі ешқашан ешкімге қарыз болмағанын айтып, хаттағы ақпарат жалған екенін жеткізді.

«Бұл қай қазақ мені қорқытып жатқан?! Астанадағы әпкеме хабарлапты. Ешқашан қарыз болмаған адаммын», — деді М. Жүнісова.

жеке парақшасынан

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.