Жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады

0 38
Бүгін Аграрлық мәселелер комитетінің кезекті отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде 5 өзекті мәселе қаралды. Соның ішінде Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе оны ұзарту үшін алым мөлшерлемелері туралы мәселе талқыланды. Аталған сұрақ бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бірінші вице-министрі Асқарбек Маратұлы Ертаев баяндама жасады.
Сондай-ақ, басқа комитеттерден келіп түскен заң жобалары бойынша қорытындылар талқыланып, бекітілді. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң жобасы бойынша мен Комитетке қорытынды әзірлеп, баяндама жасадым. Заң жобасы жергілікті деңгейдегі басқару мен өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Бұдан бөлек, рейтингтік қызмет пен машина жасауды дамыту мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулер де қаралды.
Отырыс барысында Комитеттің алдағы іс-шараларына дайындық барысы талқыланып, 2026 жылғы 29 қаңтарда «Етті мал шаруашылығын қолдау: мал басын көбейту және ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру жөніндегі шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізуге дайындық туралы мәселе қаралды.
Аграрлық саланы дамыту, ауылдық аумақтарды қолдау және заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасын табады.
Жигули Дайрабаев
Leave A Reply

Your email address will not be published.