Қазақстанда балаларға арналған әлеуметтік желілерге тыйым салынбақ
Қазақстанда әлеуметтік желілерге балалардың қолжетімсіздігін шектеу мәселесі қаралуда. Бүгін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкімет отырысында елде ақпарат құралдарын реттейтін заңнаманы жетілдіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруін шектеу мәселесі қаралуда.