Облыс әкімдігінің отырысы өтті
Бүгін аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен облыс әкімдігінің отырысы өтті. Жиында облыстың 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттер қаралды. Отырысқа облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысты. Қала және аудан әкімдері бейнережимде қосылды.


Әкімдік отырысында кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармалары саладағы даму индикаторларының орындалуы туралы ақпарат берді.
«Әрине, біз бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес макроэкономикалық тұрақтылықты нығайтып, азаматтардың әл-ауқатын көтеру және инфляция деңгейін төмендету бойынша шараларды қабылдап, облыс экономикасын одан әрі дамытып, тұрақты өсімге қол жеткізуіміз қажет. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуіне жол берген аудан әкімдеріне қатысты кадрлық шешім қабылдау туралы ұсыныс енгізуді тапсырамын. Екі апта бойы басқармалардың атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары туралы есебін тыңдадым. Нәтижесінде бір басқарма басшысы жұмыс орынын босатты. Екі басқарманың есебі қабылданған жоқ. Олар дайындалып келіп, алдағы апталарда есептерін қайта тапсыратын болады. Сол себепті басқармалар да жұмыс сапасын төмендетпеуі қажет», – деді облыс әкімі.