ЖҰМЫРТҚА КӨП ДЕРТТЕН ЖЫЛДАМ АРЫЛУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
Жұмыртқа әр үйде бар. Ал оның емдік қасиеті барын көбіміз біле бермейміз. Төмендегі қарапайым тәсілдер нәтижесін тез береді.
2 ас қасық сары май, 2 шикі жұмыртқаның сарысы, 1 шай қасық бидай ұны, 2 шай қасық табиғи балды араластырыңыз. Күніне 3–4 рет 1 шай қасықтан ішіңіз.
2–3 жұмыртқаны қатты қайнатып, сарысын табада майсыз баяу отта қою, қара түсті масса болғанша қуырыңыз. Күйген жерге жағыңыз. Тоңазытқышта сақтаңыз.
10 жұмыртқаның қабығын кептіріп, ұнтақтаңыз.
10 лимонның шырынын сығып, ұнтаққа қосыңыз.
Қараңғы жерде 10 күн тұндырып, сүзіңіз.
10 жұмыртқаның сарысын 10 ас қасық қантпен көпіртіп, 1 бөтелке коньяк қосыңыз.
Барлығын араластырыңыз.
Күніне 3 рет, тамақтан 30 минут бұрын 1 ас қасықтан қабылдаңыз.
500 мл жылы сүтке 1 шикі жұмыртқа, 1 шай қасық бал, 1 шай қасық сары май қосып, түнге қарай ішіңіз. Ертеңіне жөтел мен тұмау басылады.
Қатты қайнатылған жұмыртқаның жарты сарысын езіңіз.
1 стақан тазартылған күнбағыс майына сіріңке қорабындай балауыз қосып ерітіңіз.
Сарысын аз-аздан салып, қайнатып алыңыз.
Суытып, сүзіңіз.
Маймен буынға жағып, 2 сағатқа компресс жасаңыз. Қалауыңызша түнге қалдыруға болады. Тоңазытқышта шыны ыдыста 10 ай сақталады.
Біздің топқа тіркелуді ұмытпаңыз!
Жарас ҚАСЫМ.
(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)