«Отбасы банк» баспана алу талаптарын жеңілдетті

0 38
Енді тұрғын үйдегі үлестің болуы азаматтардың мемлекеттік бағдарламаларға қатысуына кедергі келтірмейді.

«Отбасы банк» жеңілдетілген ипотека мен жалға берілетін тұрғын үйді ұсыну қағидаларына маңызды өзгеріс енгізілетінін мәлімдеді.

«Енді азаматтың тұрғын үйде үлесі болғанымен, егер ол тұрғын үй кезегінде тұрса, жеңілдетілген ипотекаға немесе жалға берілетін тұрғын үй алу секілді мемлекет тарапынан қолдауға үміткер бола алады. Бұған дейін талаптар қатаң болды: кезекте тұрған адамның пәтерде ең аз үлесі болса да, оған бас тартылып, жеңілдетілген ипотека да, мемлекеттік тұрғын үй де беру қарастырылмайтын», – делінген банк хабарламасында.

Аталған норма әзірге заңнамалық деңгейде бекітілмегені нақтыланды. Соған қарамастан, «Отбасы банк» азаматтардан түскен көптеп жиналған өтініштерді ескере отырып, бұл шешімді өз бастамасымен қабылдаған.

Жаңа ережелер 2026 жылғы ақпан айынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: iStock  

Aikyn.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.