География пәнін оқытудағы жүйесіздік
Елімізде география пәнінің сағат саны қысқарған. Аптасына 4 сағаттан берілетін сабақ енді тек 1 сағатпен шектелген. Бүгін осы мәселе төңірегінде дөңгелек үстел өтті.
Менің ойымша, география сабағын қысқарту — білім жүйесіндегі қателік. Сағат санын шектеу оқушылардың білімін төмендететіні анық. География — туған елдің кеңістігін, ресурсын, геосаяси орналасуын, демографиясын, климаттық құрылымын танытатын терең мазмұнды сала.
Оның тәрбиелік, ғылыми маңызы зор. Географиясыз оқушылардың бойында отансүйгіштік пен ұлтжандылық қасиет орнықпайды.
Жаңа бағдарламада картамен және атласпен жұмыс істеу толық дерлік алынып тасталған. Сонда оқушылар еліміздің қазба байлықтарын, территориясын, су қорын, қай қаланың қайда орналасқанын білмесе, одан кейін қандай патриот шығады? География — бұл қосымша емес, стратегиялық пән.
Болашақ мамандарда мектеп кезден географиялық білім қалыптаспаса, келешекте эколог, геолог, су мамандарын қалай дайындаймыз? Сондықтан бұл мәселені оңтайлы шешу керекпіз.