ЖАСТАР БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

0 20
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайда: — «Қазіргі таңда жастар арасында Қазақстан өрлеу кезеңіне қадам басты деген пікір бар. Жас буын өкілдері жаңа қоғамдық этиканы, креативті индустрияны дамытуға зор үлес қосуда. Жас ұрпақтың ұлттық бірегейлігімізді өнерімен айшықтап, ұлтымызды жаһан жұртына танытуы – зор мақтаныш.
Жастардың күш-қуаты мен ынта-жігері, жаңашылдығы мен жасампаздығы кез-келген салаға зор серпін береді. Сондықтан біз өскелең ұрпаққа әрдайым жан-жақты қолдау көрсетеміз. Олардың ұлттық құндылықтармен қатар жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойына сіңіруіне барынша жағдай жасаймыз», — деген болатын.
Бұл Президентіміздің жастарға үлкен сенім артуының көрінісі деп білемін. Бүгінгі жастардың көздегені көк аспан, алға қойған мақсаты анық. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда Мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау көрсете береміз.
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу аудандық білім бөлімінің басшысы
Leave A Reply

Your email address will not be published.