Қаскелеңдегі қайғылы оқиға: сабақта көз жұмған оқушының жанында әжесі болған

0 31

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең қаласында мектеп оқушысының сабақ барысында қайтыс болуына қатысты Қарасай ауданының білім бөлімі Qaz365.kz редакциясына ресми түсініктеме берді.

Ведомство мәліметінше, Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің 9 «Г» сынып оқушысы 2026 жылғы 21 қаңтар күні бірінші сабақ аяқталған соң, үзіліс кезінде өзін кенеттен жайсыз сезінген. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі дереу жедел жәрдем шақырған.

Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 4 минутта жеткен. Дәрігерлер медициналық көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, оқушының өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Бала сол жерде көз жұмған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша барлық құзырлы органдар тергеу-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оқиға болған сәтте мектепте білім бөлімінің қызметкерлері, психологиялық қолдау орталығының мамандары және аудан әкімінің орынбасары болған.

Сондай-ақ қайғылы сәтте оқушының нағашы апасы – осы Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептің мұғалімі де оқиға орнында болғаны хабарланды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Қарасай ауданы әкімінің аппараты
/qaz365.kz/
Leave A Reply

Your email address will not be published.