Абай облысында су үнемдеу технологияларын енгізу жобасы жүзеге асырылады
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Harvest Agro Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Дәулет Увашев бастаған делегациямен кездесті. Кездесу барысында өңірде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері қаралды.

Облыс әкімі бұл жобаның өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Сіздер бұған дейін біздің облысымызға келіп, жобаларыңызды таныстырдыңыздар. Сол кездегі кездесулерде біз барлық қолдауды көрсетуге дайын екенімізді білдірдік. Бұл – облыс үшін маңызды инвестициялық бастама және оның іске асуы біз үшін де, сіздер үшін де оң нәтиже береді деп сенемін. Абай облысының әкімдігі заң аясында барлық қажетті көмекті көрсетеді», – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ