Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағдарламасы іске қосылды

0 28
Қазақстанда AI Governance жасанды интеллект бойынша мемлекеттік қызметшілерді даярлау бағдарламасы іске қосылды
🔹Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында мемлекеттік секторда жасанды интеллектіні ауқымды енгізу мақсатында басшыларды даярлауға бағытталған AI Governance 500 стратегиялық бағдарламасы бойынша оқыту басталды.
🔹Бағдарламаны ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп жүзеге асыруда.
🔹Алғашқы легінде 100 басшыны қамтитын оқыту бағдарламасының ашылуына Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Ж.Мадиев, Президенттің көмекшісі Қ.Есекеев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Д.Жазықбай және Президент Әкімшілігі Басшысының хатшылығының жетекшісі Қ.Төлеушин қатысты.
🔹AI Governance 500 бағдарламасы ведомствоаралық цифрлық жобаларды бастауға және сүйемелдеуге, олардың архитектуралық үйлесімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ Digital Kazakhstan тұжырымдамасы аясында мемлекеттік күн тәртібінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қабілетті цифрлық басшылар – ИИ-офицерлердің тұрақты кадрлық пулын қалыптастыруды көздейді.
🔹Оқытуға Президент Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, салалық вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар аппараттарының басшылары қатысуда.
🔹Бағдарлама тұтас әрі жүйелі логика бойынша құрылған. Ол жасанды интеллектінің рөлі мен цифрлық мемлекеттің архитектурасын стратегиялық деңгейде түсінуден бастап, қатысушылардың ведомстволар мен өңірлерде енгізуге дайын цифрлық трансформация мен AI-бастамалар бойынша қолданбалы жобаларды әзірлеуіне дейінгі барлық кезеңді қамтиды.
🔹Айта кету керек, Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау үдерісіне тартылған кадрларды жүйелі түрде даярлаудың маңыздылығын көрсетеді.
Leave A Reply

Your email address will not be published.