ШЫҢҒЫС ХАННЫҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ…..
Дүниежүзін орнықтырамын десең,
Дүйім жұрттың басын қос.
Әлемнің халқын ынтымақтастырамын десең,
Әуелі олардың көңілі мен сенімін тап.
***
Шығыстан батысқа дейін,
Мұнша жұртты биледім.
Қаны бөлекті бауырластырдым,
Жаны бөлектің басын қостым…
***
Бүгінге дейін менің естуімше үш мың қылмыс кінәнің ең ауыры — қайырымсыздық екен.
***
Қатыгез емес, әділ шыншыл, турашыл адал, білікті, ақыл парасатты адамға құрмет көрсете білу керек.
***
Бір адам туып түмен жұртты орнықтырса, адамзаттың барлығына шарапат. Осылай істесе, көктегі тәңірге, жердегі адамға абырой.
***
Хан адам тек билік ұстаушы ғана емес, халықтың ата-анасы, олардың бірлігін сақтаушы, ой санасын бір арнаға түсіріп, біріктірушісі болмақ.
***
Аққу құстай жиналып,
Адамның барлығы жырғаса деймін.
Өтірікшінің сөзіне алданып,
Бос сөзге мас болмаса деймін.
Ақ құтандай жиналып,
Адамның барлығы жырғаса деймін.
Қырт адамның сөзіне сеніп,
Қырғын соғыста өлмесе деймін!
***
Дүниедегі ғаділдікті тілеу,
Әр адамның ұлы арманы.
Дүниедегі жамандықтан жирену,
Әр адамның өзінше қорғаны.
***
Дүниежүзі бір жанұядай тынышталып, бейбіт өмір орнаса, менің жаным жай табар еді.
***
Менің ақылгөй ғалымдарды шақырып, талантты талаптыларға сүйенуге құмартуым дүниежүзін тыныш орнықтыру үшін еді.