Әрбір әкеге аманат сөз

0 22
Әке мен баланың арасын жақындататын нәрсе — бірге қызығу, бірге уайымдау, бірге сырласу.
Мұндағы мәнді сөз — «бірге». Бұл жай ғана ақыл айту емес, баламен тең отырып, жүрекпен бөлісу деген сөз: өз уайымыңды айту, баланың мұңын тыңдау; оның ойынына араласып, балаша қуану (футбол ойнаса — бірге тебу); сөйлеп қана қоймай, сөзін ұғып тыңдау.
Әкелік деген — тек бұйрық емес:
«отыр, тұр, бар, кел, істе, істеме» деп тізгін тарту ғана емес.
Баласын тек әмірмен өсірген әке — ертең өз бетімен ойлай алмайтын, айтқанды ғана орындайтын жанды тәрбиелейді. Мұндай тәрбие түбі — мінезі әлсіз, қоғамы әлжуаз ұрпаққа апарады. Ал әлсіз қоғамнан береке шықпайды.
Балаңды жылы сөзге, жақсы қарым-қатынасқа зәру етіп өсірме.
Оны ел ішінде жасқаншақ, өз пікірін айта алмайтын күйге түсірме.
Әрдайым балаңа сөз бер.
Көңілінде не бар — айтсын, ойымен бөліссін, сеніммен сөйлессін.
Кейде ақыл сұра, тіпті оның айтқанын орындамасаң да.
Сонда бала өзін әкесіне керек, қадірлі жан сезінеді.
Бірге кітап оқы, бірге білгенді бөліс.
Ескерту:
Бұл сөздер — баланы қасына ертіп алып, кафе жағалау, кальян шегу, темекі тарту, аузына келгенді айту деген ұғым емес.
Ондай «жолдастық» тәрбиесіздікке апарады, әкесін сыйламайтын ұл өсіреді. Оның зияны түбі өзіңе тиеді.
Сондықтан бұл сөзді өз қалауына қарай бұрмалауға болмайды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.