Облыс әкімі Семейдегі дарынды балаларға білім беретін лицейде болды
Аймақ басшысы Берік Уәли қаланы аралау барысында облыстық дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейінің тыныс-тіршілігімен танысты. Өңірдің жетекші білім беру ұйымдарының бірі саналатын мекеменің оқу үдерісін, материалдық-техникалық базасын көріп, өзекті мәселелеріне назар аударды.

Мектеп интернат режимінде жұмыс істейді. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына, зияткерлік әлеуетін арттыруына барлық қажетті жағдай жасалған.

«Семейдегі «Білім-Инновация» лицейі – өңірімізде дарынды балаларды анықтап, олардың әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқарып отырған білім беру ұйымы. Сіздердің жетістіктеріңізден хабардармыз. Мұндағы өзекті мәселелерді де жақсы білемін. Сол үшін де жағдайды өз көзіммен көрейін деп арнайы келдім. Жаңа ғимараттың жобалық-сметалық құжаттамасы дайын. Оны Үкіметке ұсынып, қаржы бөлу мәселесін көтереміз», – деді облыс әкімі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ