Абай облысында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Абай облысында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен жиында өңірдің білім саласындағы өзекті мәселелер қаралды. Білім басқармасының басшысы Бауыржан Ердембеков саладағы атқарылған жұмыстар, жүзеге асырылған жобалар туралы баяндады.


«Мемлекет басшысы «Бүгін саналы ұрпақ тәрбиелей алсақ, ертең заман көшінің басында жүреміз. Сондықтан бұл саланы қолдау – мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы» – деп атап өткен болатын. Бұл тағылымды сөздер елімізде білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың қауіпсіз әрі жайлы оқу ортасымен қамтамасыз етілуіне бағытталған жүйелі жұмыстардың маңызын айқындайды. Аталған бағыттағы бастамалар – білім беру жүйесін жаңғыртуға және әрбір балаға тең мүмкіндік беруге негізделген маңызды шешімдер. Осы мақсатта облысымызда бірқатар өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. «Келешек мектептері» бой көтеріп, қолданыстағы білім беру ұйымдары реновациядан өткізілуде. Сонымен қатар, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оларды қосымша біліммен қамту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыратын боламыз», – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ