«Заң мен тәртіп: қауіпсіз Қазақстан үшін» – халықпен ашық кездесу

0 24
Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайсар Әбілекұлы аудан тұрғындарымен кездесті. «Заң мен тәртіп: қауіпсіз Қазақстан үшін» тақырыбында өткен жиын ашық диалог форматында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, жол қауіпсіздігі, алаяқтықтың алдын алу, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың профилактикасы және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша нақты жауаптар алды.
Қайсар Әбілекұлы полиция қызметінің басты мақсаты – халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтіп, құқық қорғау органдары мен тұрғындар арасындағы сенімді нығайту маңызды екенін жеткізді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың заң талаптарын сақтау арқылы қауіпсіз қоғам қалыптастыруға өз үлесін қоса алатынын айтты.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар тарапынан белсенділік жоғары болды. Мұндай басқосулар халық пен полиция арасындағы өзара түсіністікті арттырып, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.
Leave A Reply

Your email address will not be published.