21 келі есірткі алып келген шетел азаматы Алматы әуежайында ұсталды

0 25

ҰҚК

Мектеп оқулықтарынан 700-ден астам қате анықталды – Аида Балаева


Биыл 30 мамырда ҰҚК полиция, кеден органдарымен және Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығымен бірлесіп, Алматы қаласының әуежайында есірткіні алып өту әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оңтүстік-Шығыс Азияның бір елінен келген шетел азаматының багажын тексеру барысында шамамен 21 кг өсімдік заты «марихуана» табылған.

Тыйым салынған жүк тәркіленіп, күдікті ұсталды.

Полиция органдары бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 286-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/282816-21-keli-esirtki-alyp-kelgen-setel-azamaty-almaty-auezaiynda-ustaldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.