«Нұртандықтар» рейдке шықты
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық және Тараз қалалық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес мүшелері шаһардағы бірқатар мектептердің құрылысының барысымен танысты.
Бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы мен мектеп құрылысының сапалы жүргізілуін басты назарға алған партиялық рейд №22 орта мектептен басталды.
Нысанның құрылысы бүгінде 60-70 пайызға аяқталған. Онда 90 құрылысшы еңбек етеді. Мердігер компания өкілдері 2020 жылдың мамыр айының басында басталған құрылысты маусым айына дейін толықтай аяқтауға уәде берді.
Жұмысшы топ Тараз қаласындағы №16 және №2 орта мектептердің құрылысының аяқалысн көзбен көрді.
Рейд жұмысының қорытындысы бойынша құрылыс нысанында байқалған кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдар берілді. Өз кезегінде бұл жұмыстар партияның облыстық және Тараз қалалық филиалының қатаң бақылауында болады.