Қазақстанда өткен жылы 162 жаңа мектеп салынды
2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды.



• реновация бағдарламасы аясында 209 мектеп жаңартылды;
• заманауи стандарттарға сәйкес 1 мың ауыл мектебі жаңғыртылды;
• ауыл мектептері үшін 1196 заманауи пән кабинеті сатып алынды.