«Мөлдірдің» аяғы ауыр» деп шулаған жұрт Тұрсынбек Қабатовты сөзбен түйреп жатыр

0 45

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіде әнші, продюсер Мөлдір Мұқанованың әрбір салған әнін пародия жасаған Әділет Абайұлының парақшасы түрлі пікірлерге толып кетті деп жазады Democrat.kz.

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйеліне пародия жасап, соның әндері мен киімдерін, қимылдарын қайталап, видео жариялаған Әділет Абайұлына мыңдаған кісі пікір жазуда.

Үстіне пакеттен көйлек киіп, шашын да қара пакеттен «жасатқан» пародияшы әзілкештің Мөлдір Мұқанова секілді билегені мен дене бітімін сөз еткен жұрт күлкіге қарық болды.

«Мөлдірден ауымайды екен», «пародияның атасы болды», «бұл Мөлдірдің аяғы ауыр екен», «Мөлдірдің аяғы ауыр. Тұрсынбектің алимент төлейтін ақшасы артатын болды», «мәссаған, бұлай күлмеген шығармын», «қарны томпиып, тура бір жүкті әйел сияқты екен» дегенге саятын пікір жазған жұрт пародияшыға күлкі сыйлағаны үшін алғыс та айтуда.

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Фото видеодан скринделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.