Ауылда жақсы жаңалықтар көп
Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Талас ауданына қарасты бұл елді мекенде ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған маңызды жоба жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда амбулаторияда 8 төсек қоры бар, оның ішінде терапиялық бағыттағы төсек орындары жұмыс істейді. Сонымен қатар ауруханаішілік күндізгі стационарға арналған 2 төсек қарастырылған. Мекеме автономды жылу жүйесімен, қатты отынмен (көмір) қамтамасыз етілген. Медициналық мекемеде барлығы 14 қызметкер еңбек етеді.

2025 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ақкөл ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ғимаратының құрылысы жүргізілуде. Жобаның жалпы құны – 438,5 миллион теңге.

Жаңа нысан пайдалануға берілгеннен кейін Ақкөл ауылы тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігі едәуір артады.
