Арнайы топ азық-түлік бағасын бақылауда ұстайды
Аудан деңгейіндегі азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағаларына тұрақты мониторинг жүргізетін аудан әкімінің қаулысымен арнайы топ құрылған.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің басты назарында. Аппараттық кеңестерде де күн тәртібінен түскен емес.
Күні кеше өткен аппараттық кеңесте Сарысу аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Сейілбек Дариябеков азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында атқарылып жатқан істерге тоқталды.
Кеңірек тоқталар болсақ:
Бірінші қажеттіліктегі негізгі азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының тоқсан сайын бекітіп беретін шекті баға көрсетікіші басшылыққа алынып, әр аптаның бейсенбі күндері азық-түлік тауарларының 19 түріне тұрақты мониторингтер жасалынып бекілген кестеге сәйкес, жинақталған мәліметтер облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына беріледі.
Бүгінгі күнге 16 тауардың бағасы қалыпты жағдайда, 3 тауардың орташа бағасында 30-35% көлемінде өсім қалыптасып отыр олар (қарақұмық, жұмыртқа, картоп). Аталған тауарлардың көпшілігі ауданның көтерме саудамен айналысатын кәсіпкерлері тарапынан Шымкент қаласындағы Акбар және Жібек жолы Тараз қаласындағы Ауыл береке базарларынан жеткізіледі.
Жалпы бағанын өсуіне жол бермеу мақсатында, Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауданда 2 әлеуметтік дүкен ашу тапсырма берілген 2020 жылы жеке кәсіпкер Сағындықова Алия әлеуметтік дүкен ашқан болатын, әлеуметтік маңызы бар 19 тауар дүкенге сыймауына байланысты қосымша жер сұрап бүгінгі күнге құрылыс жұмыстары жүргізілуде, дүкеннің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы 10 күн ішінде дүкеннің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады осы сәуір айында іске қосылады. Әлеуметтік дүкеннің құрылыс жұмыстары бөлімінің толықтай бақылауында. Соңымен қатар жеке кәсіпкер Мутляпова Гүлмара наурыз айында екінші әлеуметтік дүкенді ашты. Ауданда әлеуметтік дүкен мен 4 дүкенде әлеуметтік бұрыш орнатылып тұрақты түрде жұмыс істеп тұр.
Облыстық тұрақтандыру қорынан ауданға тауар жеткізуші операторы болып жеке кәсіпкер «Мутляпова» белгіленген. Соңғы екі ай ішіне 0,6 тонна күріш бағасы 240 теңгеден, 5,2 тн құмшекер 185 теңгеден, 0,8 тонна өсімдік майы бағасы 410 теңгеден және 150 кг қарақұмық бағасы 310 теңгеден әкелінді. Бұл тауарлардың негізгі бөлігі «Шадияр» мен Дегерез елді мекеніндегі «Ажар» дүкендерінде орналастырылды. Қалған 2 дүкендегі әлеуметтік бұрыштарға таусылуына қарай күнделікті 1 қап құмшекер, 10 кг күріш пен 5 литрден өсімдік майы беріліп отырады.
Жалпы аудандағы азық-түліктің қалдығы да бақылауда. Қолымыздағы қор аудан халқына жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде кедергісіз жүргізіліп келеді.
Жылдың басынан бері 15 мәрте орталық базарда азық-түлік және азық түлік емес жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлардын бағасын тұрақты түрде ұстап тұру үшін басқа аудандағы шаруалармен Тараз, Шымкент қалаларындағы көтерме сауда саттықпен айналысатын ірі кәсіпкерлерменде келісім жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Соңымен қатар өзіміздің Жаңатас қаласындағы «Аль-Асад», «Әділет», «Шолпан-Айка», «Шадияр» сауда дүкендерінін басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін бағаны тұрақтандыру мақсатында бағаны көтермеу бойынша «меморандум» жасалынды.
Сонымен қатар ауданға қажеттіліктегі мал етінін көбісі Қарабұлақ елді мекенінен келуіне байланысты өзіміздің ауылдық округтерден келген шаруа қожалықтары және жеке тұлғалардың малдарын келісілген бағамен алып еттін бағасын тұрақтандыру мақсатында бағаны көтермеу бойынша жеке кәсіпкер Мусаев, Карпыковтармен «меморандум» жасалынған.
Осы және өзге де өзекті мәселелер төңірегінде аудан әкімі нақты тапсырмалар беріп, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол берілмеуі керек екендігі айтылды.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы