Марат Әйтенов жаңа қызметке тағайындалды
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында кадрлық ауыс-түйіс болды,
Активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болып Болат Ақшолақов тағайындалды.
Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс жөніндегі басқарушы директор Марат Әйтенов болды.
Бұрын экономика және қаржы жөніндегі бірлескен басқарушы директор қызметін атқарған Ернар Жанәділ инвестициялар, жекешелендіру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды.
Ерлан Дүрмағамбетов стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор болып тағайындалды. Бірлескен басқарушы директор — Ернат Бердіғұлов.
Нәзира Нұрбаева экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор қызметіне тағайындалды.
Мұхтар Тәжіғалиев корпоративтік басқару және әлеуметтік еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор болды.
«Кадрлық тағайындаулар Қордың даму стратегиясына және жаңа ұйымдық құрылымға сәйкес қабылданды», делінген хабарламада.