Төтенше жағдай: Алматыда ғимарат өртке оранды
Бүгін таңертең Алматыдағы Жетісу ауданында, Новгородская көшесінде орналасқан алты қабатты әкімшілік ғимараттан өрт шықты, — деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өрт сөндірушілер күшейтілген деңгейде жұмыс істеді.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жеткенімен, өрт тез таралып үлгерген. Ғимараттың шатыры мен қаптамасы түгелдей жалынға оранды. Өрттің өршуіне лак-бояу өнімдері сақталған ыдыстардың жарылуы мен кеш хабар берілуі себеп болды», – деп жазды ТЖМ.
Ғимараттың ішінде тез тұтанатын материалдардың көп болуы, сондай-ақ лак-бояу бұйымдарының барлығы өртті сөндіруді қиындатты.
Оқиға орнында өртті сөндіру штабы құрылып, су үздіксіз беріліп тұрды. ТЖМ-нің арнайы техникасы да жұмылдырылды.
Өрт 06:45-те толық сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.