Заманауи оқыту – тұлға қалыптастыру
Ағылшын тілінің сабағында заманауи ақпараттық технологияларды қолдана білу білім алушылардың шығармашылық және тұлғалық әлеуетін дамытуға көмегін тигізеді.
Мультимедиялық сабақты дайындағанда интерактивті оқытудың әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық және психологиялық принциптерін толықтай іске асыра алсақ, оқу процесін неғұрлым қызықты, әрі шығармашылық тұрғыдан оқушының жеке қабілетін ашуға көмектесеміз. Осылайша, оқушылардың тілдік деңгейлерін ескере отырып, жеке үйрену тәсілдеріне көмек көрсетуге негізгі принцип болып табылады. Бұл бағытта әрбір оқушының жеке жұмыс істеу бағыты басталады. Компьютерді қолдана отырып, жеке және ұжымдық жұмыс түрлерін де ұйымдастыруға болады. Ағылшын тілінің оқыту процесінде әртүрлі ойындарды да қолдану интеллектуалды шығармашылықтың дамуына ықпал етпек.
Әрбір үй тапсырмасында оқушылар көрсеткен сайттардан ақпарат іздейді. Өздерінің қызығушылықтарының арқасында үй тапсырмаларын қуана орындап, қосымша мәліметтерді бөлісуге құмартады. Белгілі бір тақырыпты жаңа технологиялармен түсіндіргенде, оқушылар жаңа нәрселерді үйреніп қана қоймай, шығармашылық жұмыстың қатысушылары ретінде тұлғалық қасиеттерін дамытуға үлес қосады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану – беру жүйесін жаңғыртудың ажырамас бөлігі. Осы тұрғыда шәкірттеріміздің шет тілін үйренуге деген ынтасын арттырып, ұстаздың жұмысын жеңілдетіп, білім беру процесін қызықты әрі тиімді өткізуге өз көмегін тигізеді.
Аружан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Әлихан Бөкейханов атындағы
№1 мектеп-гимназияның
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі