Бюджеттік ұйым қызметкерінің құқықтары қорғалды
Азаматтың өтініші бойынша Департамент жоспардан тыс тексеру жүргізіп, оның нәтижелері бойынша «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту дерегі бойынша бұзушылық анықталды.
Осылайша, бюджеттік ұйымның қызметкеріне жұмыс орнынан анықтаманың жоқтығына сілтеме жасай отырып, тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюдан негізсіз бас тартылды. Көрсетілетін қызметті алушының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Департамент көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдау туралы нұсқама енгізді.
Департамент ден қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушының құқықтары бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде тұрғын үй алуға кезекке қою туралы оң шешім қабылдаумен толық қалпына келтірілді.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылған және заңды құқықтарыңыз бұзылған жағдайларда, Сіз ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментіне Тараз қаласы, Рысбек батыр бұрылысы, 8А мекенжайына немесе 8(7262) 438808 нөмірі, сондай-ақ «EgovKzBot» платформасы және «08.Onay.qyzmet» Телеграм-каналы арқылы хабарласа аласыз.
Өтінішті «E-otinish» азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы да беруге болады.
Руслан Шарипов,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы