«Айналам «аға» деп ақыл сұрайтын жасқа келдім»: Қайрат Нұртас туған күнін отбасымен атап өтті

0 2

Танымал әнші Қайрат Нұртас 25 ақпанда 36 жасқа толды. Эстрада жұлдызы туған күнін ет жақындарының арасында атап өткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Әнші туған күніне орай әлеуметтік желіде жазба да жариялап, отбасымен түскен фотосын жариялаған. «Жер ортасы жасқа келдім! Бағындырған өз белесім, ала аламаған өз қамалым, шыққан шыңым, жүріп келе жатқан өз жолым бар. Бәріне де ризамын! Айналам «аға» деп ақыл сұрайтын жасқа келдім! Шамамның жеткенінше жүрегімді ашып, көмек қолын созып, досты да, дұшпанды да бауырымдай құшағыма қысып келемін. Төрт құбылам түгел, керегем кең, терезем тең отбасым деген тыныштықтамын. Ғажап күн. Бұл күн – мен туған күн!» — деп жазды Қайрат Нұртас. Желі қолданушылары сүйікті әншілерін туған күнімен құттықтап, оған ақ тілегін жазған. «Бақыттысың Қайратжан! Сол бағыңды бағалай біл! Тіл-көзден аман болыңдар! Легенда болып тарихта қаласың!», «Жарасымды жұптар, тілден көзден сақтасын!», «Керемет сөздер, ойланып қалдым, Алла денсаулық берсін! Әлі талай биіктен көрін!», «Туған күнің құтты болсын, легенда!», «Керемет көз тимесін. Жүректен шыққан сөздерің жүрекке жетті. Алла өмір берсін, бақыттарың баянды болсын. Тек алға», — деп жазған әнішінің тыңдармандары.

kaz.nur.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.