Өңірлік кадр резервінің мүшесі Талас ауданы әкімі аппаратының бөлімше басшысы лауазымына тағайындалды
Жамбыл облысының өңірлік кадр резервінің мүшесі Орынбасар Сқақұлы Талас ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінің басшысы лауазымына конкурс өткізілместен тағайындалды.
Орынбасар Сқақұлы 1994 жылы Талас ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2016 жылы Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның Ақкөл ауылдық округі бойынша аға инспекторы болып бастаған.
2020-2022 жылдары аралығында Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институтында әр түрлі лауазымдарда еңбек етті.
2022 жылдың маусымынан бастап бүгінге дейін Талас ауданы Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, бас маманы қызметтерін атқарды.