Қазақстанда депозиттер бойынша шекті мөлшерлеме жойылады

0 6

Бұл банктер нарықтағы жағдайға қарап, салымдар бойынша сыйақы деңгейін өзі анықтай алатынын білдіреді.

Бұған дейін ҚДКБҚ банктердің депозиттерді жаппай тартуына жол бермеу үшін ең жоғары мөлшерлемелерді шектеген болатын. Алайда банк секторы дамуына байланысты реттеуші қатаң бақылаудан бас тартуды ұйғарған. 2024 жылы көптеген банк үшін шекті мөлшерлеме алып тасталды. Енді шектеулер нарықтың барлық қатысушысы үшін алып тасталады.

Алайда шетел валютасындағы депозит бойынша шекті мөлшерлеме барл

«Келесі қадам: капиталдануы төмен банктер үшін теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді жою. 2025 жылғы 1 наурыздан бастап ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілемейді. Капиталдануы төмен банктер депозиттік саясатын басқа банктер секілді нарықтық жағдайға сай белгілейді. Сонымен бірге капиталдануы төмен банктер депозиттері бойынша мөлшерлемелерді айтарлықтай өсіретін болса (нарықтағы мөлшерлемеге қарағанда жоғары+спред), бұл банк жүйесіне қосымша салмақ болып тиеді. Осыған байланысты мұндай банктер мөлшерлемелер шектен тыс асырылу дәрежесіне және депозиттерді тарту көлеміне қарай көтеріңкі жарна төлейді», — деп жазылған хабарламада.

Жүргізілген реформа нәтижесінде депозиттер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу кезінде банктерге мейлінше еркіндік беріледі деп жоспарланып отыр.

«Бұл банктер арасында адал бәсекелестік дамуына жағдай жасайды және бөлшек саудалық депозит нарығының, әсіресе, санаулы банктер ғана қатысатын сегменттің дамуына жаңа серпін береді. Айталық, қазір мерзімі 12 айдан асатын мерзімді және жинақ салымдарды тарту көлемі мардымсыз, бірақ көбейтуге әлеует жеткілікті», — дейді ҚДКБҚ басшысы Әділ Өтембаев.

Бұл нені білдіреді?

Бұл салымшыларға депозит таңдауда көп мүмкіндік ашуы мүмкін. Кейбір банктер жоғары пайызбен мөлшерлеме ұсынса, кейбіреулері тұрақты шарттарды сақтауға тырысады. Алайда енді мөлшерлеме экономикалық жағдайға байланысты бұрынғыдан тез өзгеруі мүмкін: өсуі де, төмендеуі де ықтимал.

Мөлшерлеме күрт өсуіне жол бермеу үшін ҚДКБҚ бақылау механизмдерін сақтап қалды. Орташа деңгейден айтарлықтай асып кеткен банктер қосымша төлем жасауға міндеттеледі.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.