Атырау облысында 53 ауыл ішімдіктен бас тартты

0 11

Бұл ауылда өткен екі жылда бірде-бір бұзақылық, қылмыс тіркелмепті. Ұсақ кикілжіңдер ақсақалдар алқасымен шешіледі. Салауатты өмір салтын ұстанудың үлгісін ұсынған Құрылыс ауылы халқының бастамасы бүгінде облыс тұрғындары арасында кең қолдау таба бастаған.

«Осы үлгіні облысымыздағы басқа аудандарға жолдап, қазір Қызылқоға ауданында 17 елді мекен, Құрманғазы ауданында 16 елді мекен ішімдіктен бас тартты. Сол ауылдағы ақсақалдар, ауылдық әкімдік, белсенді азаматтар жиналыс жасап, осындай шешім қабылдап отыр», — деді Атырау облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Әбдіғани Сейдуәлиев.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 27-ші ауыл ішімдік сатудан бас тартқаны хабарланды.

Massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.