Кентаулық келіншек ет сатушыларды 20 миллинон теңгеге алдап кетті 

0 79

 Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Күдікті келіншек екі жыл бұрын ет сататын дүкеннің иесінен қарызға жіліктеп ет алып жүрген.

Ал, ақысын бөліп төлейтінін айтып сендіріпті. Алайда арада жыл өтсе де еттің ақшасы сол бойы қайтпай қалған.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық қылмысына қатысы бар 39 жастағы әйелді қолға түсірді.

— Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның дәл осындай алаяқтыққа қатысты 5 фактісін анықтады. Яғни, олардан да қарызға жіліктеп ет алып, ақшасын төлемей кеткен. Айласын асырған әйел еттерді базарға апарып төмен бағада сатып, ақшасын жеке бас пайдасына жаратқан. Жәбірленушілерге 20 миллион теңге шығын келтірген.

Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті, — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте қарызын қайтара алмаған тұрғынды бір топ жігіт сабап тастағанын жазған болатынбыз.

Kaz.inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.