Қазақстанда тағы бір петиция жарияланды
Қазақстандық қоғам белсенділері АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) елдегі қызметін тоқтатуды және ЛГБТ қауымдастығын қаржыландыратын ұйымдарға заң жүзінде тыйым салуды талап етіп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне петиция жолдады.
Белсенді Бағила Балтабаева USAID 1992 жылдан бері Қазақстанда әлеуметтік жобаларды қаржыландырып келетінін хабарлады. Дегенмен олардың кейбірі ұлттық құндылықтарға қайшы бағытта жүзеге асқан. Оның мәліметінше, 2001-2024 жылдар аралығында бұл ұйым Қазақстанда 2,07 млрд доллар бөлген, ал қаражаттың белгілі бір бөлігі ЛГБТ ұйымдары мен оларды қолдайтын бастамаларға бағытталған.
Балтабаеваның сөзінше, Дональд Трамп USAID қызметін жауып тастауға бұйрық берген, нәтижесінде бұл ұйым бірнеше мемлекетте жұмысын тоқтатқан. Мәселен, жақында Әзірбайжан USAID-тың қызметіне ресми түрде тыйым салған.
Белсенділер шетелдік ұйымдардың қызметін мемлекеттік бақылауға алу қажеттігін айтқан.
Айта кетейік, президент Трамп қызметіне кірісе сала АҚШ салық төлеушілерінің қаржысынан құрылған, бірақ өзге елдерге көмек беретін ұйымдар жұмысы шектеп, қайта құрылымдауға кірісіп кеткенін айтқан едік.