Сапарбаев Смаиловты сойып салды

0 1 559

 

«Жамбыл су» мекемесіне қатысты қазір шу көп. Бұрнағы жылы тұрғындарға «Тараз су» атауымен таныс  кәсіпорында  шешімін таппаған мәселе шаш етектен. Мекеме жұмысын  облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сын тезіне алып, олқылықтардың орнын толтыруға уақыт беріп шаршағандай. Олай дейтініміз  «Жамбыл су»-дың  мәселесі жуырда өткен  аппараттық кеңесте тағы қаралып, облыс әкімі кәсіпорын басшысы Марат Смаиловтың басынан сипамады.  

     Естеріңізге сала кетсек, наурыз айының бел ортасында Бердібек Машбекұлы «Жамбыл су» мекемесі басшысының жылдық есебін тыңдаған болатын. Атқарылған жұмысқа көңілі толмаған аймақ басшысы орынбасары Ұлан Жазылбекке кәсіпорын жұмысын егжей-тегжейлі тексеруді тапсырған.  Апта басындағы аппараттық кеңесте міне осы зерделеудің қорытындысы қаралды.  

Тарқатып айтсақ, кəсіпорынның бекітілген тарифтік сметасында 569 штат қарастырылғанымен, бүгінгі күнге кəсіпорынның штат саны 609 бірлікті құрап, 40 қызметкер жұмысқа артық қабылданғаны анықталған. Бас инженермен қоса алғанда бас директордың 4 орынбасары, 10 бухгалтер, тұрғындармен қызмет ету бөлімінде орынсыз 2 бөлім, оның бөлім басшысы, сондай-ақ бақылаушы қызметкерлердің, инженерлердің, бір бөлімде бірнеше шебердің нормадан артық саны тіркелген. Осылайша бір жылда орташа есеппен 80 миллион теңгеге жуық қаражат тиімсіз жұмсалған.
2020 жылы кəсіпорынның қаржы айналымындағы 1,8 миллиард теңгенің 51,3 пайызы айлық жалақыға жұмсалған. Кəсіпорын 32 606 901 теңгеге инвестициялық бағдарламаны жəне 213 992 теңгеге бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны белгілі болған.  Кəсіпорында жалақының уақытылы төленбейтіндігі де белгілі болып отыр.  Нəтижесінде былтыр жұмыскерлер кəсіпорын аумағында наразылық акциясын өткізген.

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев  аталған  мəселелерге жіті назар аударып, «Жамбыл су» мекемесі  басшысының қызметіне сәйкестігіне қатысты сұрақты көтерді.  Бұл бойынша бір апта ішінде ұсыныс беруді Тараз қаласы əкіміне тапсырды.


Тəртіп жоқ. Мекемеде моральдық-психологиялық климат өте нашар. Арыз-шағым жиі түседі, – деген Бердібек Машбекұлы  «Жамбыл су» мекемесінің басшысы  Марат  Смаиловтың  жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді.

Shanyraq.info

Leave A Reply

Your email address will not be published.