Футболдан облыстық ашық біріншілік басталды
Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған футболдан 2010–2011 және 2012–2013 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі облыстық ашық біріншілік басталды. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Есмаханов қатысып құттықтау сөз сөйледі.
Еңбек ардагері Түгелбай Жаманқұловтың өмір жолына, ауданымыздың тау-кен саласының дамуына қосқан еселі еңбегіне және турнирдің маңыздылығына тоқталып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Сарысу ауданның құрметті азаматы, Жаңатас балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Серік Ниязов, Түгелбай Жаманқұловтың бауыры Жомарт Жаманқұлов жарысқа қатысушыларды құттықтады.
Турнирге Астана, Алматы, Шымкент, Тараз қалаларынан, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандарынан және Сарысу ауданынан 15 команда қатысып бақ сынауда.