Сарысуда жәрмеңке жалғасуда
Аудан орталығында ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, бағаның тұрақтылығын бақылады.
Шаруа қожалықтары қала тұрғындарына 0,9 тонна сүт, 8,6 тонна картоп, 5,4 бақша, 8,4 тонна көкөніс пен 2,8 тонна жемісті сатылымға шығарды.
Сонымен қатар 150 кг бал мен кеңсе тауарлары ұсынылды.
Ауданда нарық бағасынан арзан сатылатын өнімдер көлемі көбеюде.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі