Жергілікті шаруа қожалықтары өз өнімдерін қала тұрғындарына ұсынды
Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің бастамасымен, жеке кәсіпкерлердің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығында әр сенбі сайын ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде. Жергілікті шаруа қожалықтары өз өнімдерін шығарып, қолжетімді бағада ұсынуда.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 1 тонна сүт өнімдері, 10,5 тонна картоп, 4 тонна бақша дақылдары, 10,5 тонна көкөніс, 2,5 тонна көлемінде жемістер (алма, жүзім, өрік, құлпынай, таңқурай және т.б.), 2500 кг ет және шұжық өнімдері, 110 кг бал мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар сатылымға шығарылды.
Тұрақты түрде өткізілетін жәрмеңкені асыға күтетін тұрғындар үшін тиімді бағада сатылатын өнімдердің көлемі артып келеді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі