«Әділетті Қазақстанның жаңашыл жастары»

0 311

 Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығы, Халықаралық Тараз инновациялық иниституты мен  облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумымен «Әділетті Қазақстанның жаңашыл жастары»  атты жастар арасында ашық республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жастар арасында насихаттау, Жамбыл облыстық «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын іске асыру және Қала күнін кең көлемде атап өту болып табылады.

Бігінгі турнир студенттер арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей білетін азаматтар даярлау, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпалету, студенттердің өзара тәжірибе алмасуына үлкен мүмкіндік берді. Алматы, Шымкентқалалары мен Алматы, Түркістан облысытарынан келген қатысушылар Линкольн-Дуглас пікірталастар форматында ойын өрнегін көрсетті.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға Қала әкімінің кубогы және 1,2,3 орын, «Үздік спикер», «Үздік төреші» номинациялары бойынша дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді. Турнирдің 1 орын иегері — Жанар Асылбек (Болашақ, Шымкент), 2 орын иегері — Есенбек Қаржаубайұлы (Жастар, Алматы), 3 орын иегері — Жеңіс Құнанбек (Болашақ, Шымкент) иелендң. Ал, турнирдің «Үздік спикер» номинациясымен Жансерік Жолшыбек (Сириус, Алматы), «Үздік төреші» номинациясымен Ұланбике Баушабай (Күлтөбе, Тараз) марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.