2023 жылдан бастап Қазақстан төрт күндік жұмыс аптасына ауысады

0 1 978

Аталмыш өзгерістер Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек кодексіне толықтырулар енгізу мақсатында дайындаған әлеуметтік қорғау туралы заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Экспресс К.

Қолданыстағы еңбек кодексінде бес күндік және алты күндік жұмыс аптасы және жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімге сәйкес қарастырылатын толық емес жұмыс аптасы туралы нормалар бар.

Сонымен қатар, өндірістік қажеттілікке байланысты кейбір мекемелерде әртүрлі апталарда бес және төрт күндік жұмыс аптасын жариялауға тура келеді.

Бұл жерде толық емес жұмыс аптасы қызметкердің айлығына, жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы мен еңбек өтілін есептеуге әсері болмайтынын және қызмет барысындағы басқа да құқықтарын шектемейтінін айта кету керек.

Түзетулер қосымша жүктеме жұмыс уақытының төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында бірдей мөлшерде болуын қамтамасыз етеді. Бұл мөлшерлеме аптасына 12 сағат, жылына 120 сағаттан аспауға тиіс. Яғни, жұмыс беруші қызметкерді келісімшартта белгіленген жұмыс уақытынан артық жоғарыда көрсетілген уақыт көлемінде ғана жұмысқа тарта алады деген сөз.

Қызметкердің төрт, бес немесе алты күндік жұмыс аптасы жүйесінде жұмыс істегеніне қарамастан жексенбі қашанда жалпы демалыс күні болып есептеледі. Төрт және бес күндік жұмыс аптасы жүйесінде жұмыс істейтін азаматтардың екінші демалыс күні ұжымдық келісім арқылы немесе жұмыс тәртібімен анықталады.

Еңбек кодексіндегі қызметкерді мереке немесе демалыс күндері жұмысқа тарту және ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерді қажет болған жағдайда ауысым арасында оның келісімінсіз жұмысқа тартуды қарастыратын бапқа өзгерістер енгізіліп жатыр.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.