Назарбаевтың келіні адам ұрлаумен айналысқан

0 2 168

Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі – Гүлмира Сатыбалдыға адам ұрлаумен айналысқан.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Сонымен қатар, Г.Сатыбалды мен оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде.

Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.