Оқушылардың жазғы демалысы қысқарады
Оқу-ағарту министрлігі сарапшылар ұсынысы мен ғылыми зерттеулер қорытындыларын пысықтады, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұған дейін сарапшылар оқу жылын маусымның аяғына дейін созып, 20 тамыздан бастау туралы ұсыныстарымен жүгінген еді. Олар Қазақстанның әлемде каникулы ең ұзақ ел екенін алға тартқан. Бізде оқушылар 130 күн демалса, басқа көптеген елде ол 80-100 күннен аспайтын көрінеді.
«Мұның сыртында, 5 күндік оқу аптасына көшу кезінде оқу күндері бірден 34 күнге қысқарды. Осылайша, орта есеппен, біздің елдегі оқу күндерінің жалпы саны 150 күндей болады. Ал ол дамыған елде 200 күнге жетеді. Сондай-ақ сарапшылар қосымша оқу аптасын қосу күн сайынғы сабақ санын да азайтатынын айтты», — делінеді минситрлік хабарламасында.
Алты күндік режиммен оқитын көптеген мектеп жаңа жағдайда бес күндік оқу аптасына көше алады. Мамандар бұл педагогтар жұмысының тиімділігін және оқушылардың ұсынылған материалды сіңіру мүмкіндігін арттыратынын айтады. Сондай-ақ бұл күрделі тақырыптарды игерудің қарқынын арттырып, оны қайталауға уақыт береді екен.
Мұның сыртында, жазғы демалыста ешқандай өзгеріс болмайтынын түсіну керек. Яғни балалар 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін демалады,