Мұхамедиұлы құжаттарға дір-дір етіп қол қойып беретін – Экс жаттықтырушы ұлттық спортқа қатысты біраз былықтың бетін ашты
ҚР Ұлттық спорт түрлерінен бұрынғы мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай сұхбат беріп, Ұлттық спорт қауымдастығы маңайындағы былықтар туралы айтып берді.
– Бекболат Тілеухан бастаған адамдар қырғыздармен көкпардың финалына шықпау үшін жартылай финалда өзбектерден ұтылыңдар деді. Өзбекке ұтылды, финалда қырғыздар мен өзбектер ұтылды. Осылай үшінші орында қала бердік. Бекболатты Ұлттық спорт қауымдастығына қолынан жетектеп өзім алып келдім. Ұлттық спортымыз даму керек дедім. Ұлттық спорт жарыстарын қауқылдатып өткіземіз, нәрі жоқ, – деді Рамазан Сәттібай.