«Жасыл экономиканың» қажеттілігі күн өткен сайын артуда

0 168

Мұнай мен газға, уран мен көмірге бай Қазақстанның әлем елдерінің алдыңғы легінде «жасыл экономикаға» өтуге деген ұмтылысы сүйсінтпей қоймайды. Мұның дұрыс қадам екендігі жыл өткен сайын қуаттала түсуде.

«Тас дәуірі тастың таусылғандығынан аяқталған жоқ» деген қанатты сөзде айтылғанындай, бұл жерде мәселе біздің елде көмірсутегі қорларының аздығы мен көптігіне байланысты ғана емес екендігін, «жасыл экономиканың» адамзаттың ендігі жүрер жолына айналатындығын осы салада күнделікті ашылып жатқан жаңалықтарға қарап та аңғаруға болады.

Қазіргі кезде қоғамда «жасыл эко­­­но­мика» сөзінің мәнісін әркім әр­түрлі түсінеді. Бірі мұны табиғат­ты сауықтырып, жақсартатын эко­но­ми­каның жаңа саласы деп қабылдаса, енді бірі бұл сөзді жаңа тех­но­логиялардың негізінде табиғатқа көмектесуге және пай­да келтіруге бағытталған экожүйенің өзіндік түрі деп есептейді. Үшінші біреулер экологиялық таза өнімдер өндірісін жаппай қалыптастыра отырып, адамзат дамуының жаңа кезеңіне өту деп ұғады.

Әрине осы түсініктердің барлығы «жасыл экономика» мағынасына өте жақын.

«Жасыл экономика» – бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ пайдаланылған өнім­дерін өндірістік циклге қай­таруды қамтамасыз ететін экономика. «Жасыл экономика» бірін­ші кезекте, қазіргі уақытта сар­қы­луға ұшыраған ресурстар­ды (мұнай мен газ секілді пайдалы қазбаларды) үнемді тұтынуға және күн мен жел қуаты секілді сар­қыл­майтын ресурстарды тиім­ді пайдалануға қызмет етеді» деп жазылған бұл жайында Элек­трон­ды мемлекеттік қыз­ме­ттер мен Жасыл коалиция сайттарында.

Сонымен «жасыл экономика» таза өнімдер шығару­ға негізделген «жасыл» тех­но­логияларға арқа тірейді. Қазақ­стандық мамандардың пікірінше, «жасыл экономиканы» дамыту, көптеген индустриялық дамыған елдер бастан кешкен экологиялық дағдарысты біздің елде бол­дырмауға мүмкіндік береді.

Біз әлем халықтары тұтына­тын қуаттың 85 пайызы мұнай мен газ және көмір арқылы алы­натындығын білеміз. Сондықтан Жер шарында олардың аса зор өндірістері қалыптасқан. Бұл өндірістер оларды үдемелі түрде өндіруге қол жеткізе алды. Де­ген­мен, сарапшылардың мәлім­деуінше, адамзаттың ендігі жү­ретін жолы бұл емес. Өйткені егер біз осы жолмен жүре берсек, олар­дың негізгі қорлары 40-100 жылдың арасында таусы­ла­тын­дығы белгілі болып отыр. Мәсе­лен, мұнай қорлары 40-50 жыл­да, газ қорлары 80 жылда, уран қорлары 80-100 жылда, кө­мір 400-500 жылда таусылуы мүм­кін. Ал Қазақстан өзінде бар көм­ір­сутегі қорларын тек бір өзі пай­даланатын болса, олар­дың ғұмыры бұдан да ұзақ мер­зімге жетпек. Бірақ біз оларды тұты­нып отырған кезде әлем елдері басқа қуат көздеріне толықтай көшіп үлгіретін болады.

Біз қазіргі күні қуаттың 42 пайызын көмірден, 39 пайызын газдан, 17 пайызын мұнайдан алудамыз. Ал жел, күн, биомасса секілді жаңғырмалы энергия түрінен алатын үлесіміз әзірге 1 пайызға да жетпейді. Демек, адамзат қазірдің өзінде күн мен жел, биомасса қуатын пай­далануға, сол үшін олардың өн­дірісін жолға қоюға үлкен ұмтылыс танытып отырғанда, бізге қолдағы барды малданып, қарап отыра беруге болмайды. Өйт­кені күллі дүние өзгергелі тұр.

Әлемде қазіргі күні үстемдік құ­­рып тұрған үдемелі өндірістік да­му эко­номикасының болашағы жоқ екен­дігін басқа да көптеген фак­торларды ауызға ала отырып дәлелдей беруге болады. Өйт­кені бұл экономика, көп­теген са­рап­шылардың мәлімдеуінше, адам­заттың табиғатпен үйлесімді дамуын бұзды. Соның салдарынан жер бетінде табиғи шикізат тапшылығы туындағандығы өз алдына, әуеге улы газдар та­рап,­ қоршаған ортаға едәуір зиян келді, өзендер мен көлдер лас­танды, адамның өмірі мен ден­саулығына қатер төндіретін көптеген аурулар бас көтерді. Демек, әлемге қожайындық жүргізіп келе жатқан қазіргі эко­­номика енді алысқа бара алмайды.

Сонымен «жасыл экономика» деге­німіз, бұл – қазіргі эко­номикалық ғы­лым­ның бір саласы. Оның ғылым ретінде қалып­тасқанына жиырма жыл­дай ғана уақыт өткен екен. Бірақ соған қарамастан ол қазіргі күні теориядан практикалық кезеңге жедел өту үдерісін бастан кешуде. Әлемде жасыл технологиялардың пайда болуы уақыт өткен са­йын жиілеп, ол технологиялар тіршілік пен тұрмысқа енгізіліп, жылдан-жылға қарқын ала түсу­де. Соның ішінде, әсіресе, күн мен жел, биомасса қуаттарын өнді­руге ерекше екпін берілуде.

Сонымен «жасыл экономика» таза өнім мен баламалы қуат шығару­ға негізделген «жасыл» тех­но­логияларға арқа тірейді. Бүкіл әлем жедел өзгеріп ке­ле жат­қан қазіргі заманда менед­жменттік трансформациямен ғана үздіксіз шұғылдана беруге болмайды. Бұл енді қор қыз­­метіндегі түбегейлі жолға қойыл­ған қалыпты жай үдеріске айналуы керек те, қордың стратегиясы әлем экономикасында жүріп жатқан өзгерістерге қарай бағытталуы керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.