Рухани жаңғыру қоғамға қандай пайда әкелді?
Бағдарлама қоғамға қандай пайда әкелді дегенге келер болсақ, ұлттық прагматизмнің негіздеріне қарсы келетін ысырапшылдық сияқты әдеттерден арылту және халық арасындағы құқықтық, қаржылық, экологиялық, т.б. мәдениеттерді қалыптастыруға жол ашып, шараны іске асырудың төрт жылында 13 мыңнан астам меценат есебінен 330 млрд теңгеден астам қаражат тартылды. Осы қаржыға 6 мыңнан астам нысан салынды және реконструкцияланды.
Сонымен қатар азаматтық қоғам ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» жанынан «Азаматтық алаң» пікірталас клубы құрылып, түрлі ғылыми, шығармашылық топ өкілдерін, сарапшыларды біріктіріп маңызды мәселелер төңірегінде көптеген тақырып талқыланды. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты Бағдарламаны іске асырудың тиімділігін арттыруға бағытталған вебинарлар циклі форматында шаралар ұйымдастырып, жоспарланған істі ойдағыдай орындап шықты. Сондай-ақ, биылғы жылы идеологиялық блок қызметкерлерін даярлау мақсатында «Рухани жаңғыру» идеологиялық мектебі аясында бірыңғай форматта жұмыстар ұйымдастыру жайлы да жоспарлануда.
Сонымен қатар сананы жаңғыртудың тұжырымдамалық негіздерін түсіндіру және оны қабылдау деңгейінің көрінісін нақтылау үшін әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Оның сыртында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі алты бағыты бойынша қоғамда орнықты көзқарас қалыптасты. Мысалы, бәсекеге қабілеттілік цифрлы сауаттылық және шет тілдерін меңгеру көрсеткіші – 53,6%, прагматизм мүмкіндігі бойынша өмір сүре білу және өз болашағын жоспарлау қабілеттілігі – 73,2%, білімнің салтанат құруы – 58,3%, тарихқа құрметпен қарау һәм біртұтас ұлттық бірегейлікті сақтау – 71,4%, заңды және азаматтық борышты сақтай отырып, эволюциялық даму – 77,8%, сананың ашықтығы өзгерістерге дайындық, өзін өзі жетілдіру 59,5% мөлшерінде жетістік бағамын иеленіп отыр. Жоғарыдағы нәтижелер арқасында қазіргі заманғы қазақстандық бейне қалыптасты.