Қарулы күштердің қызметшілері дайындықтан өтті
Қарулы күштерде мамандық бойынша оқытудың бірінші кезеңі аяқталды. Бұл әр оқу кезеңінің басында өткізілетін әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық бағдарламасының негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады.
Әскери қызметшілерді мамандық бойынша даярлау лауазымдық мақсатына сәйкес оқу сабақтар кешенін қамтиды. Негізгі мақсаты штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың функционалдық міндеттерін, материалдық бөлігін, оларды пайдалану тәртібін зерделеу болып табылады.
Жеке дайындық әскери бөлімдерде штаттық-лауазымдық тағайындалуына қарай тәжірибелі нұсқаушылардың басшылығымен бір ай бойы іске асырылды. Сабақтар оқу-әдістемелік және көрнекі құралдарды пайдалана отырып, қару-жарақ пен әскери техникада, оқу сыныптары мен полигондарда өткізілді.
Механик-жүргізушілерді, нысанашы-операторларды, пулеметшілерді, гранатаатқыштарды, отшашаршыларды және бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін айқындайтын басқа да мамандарды даярлау үшін жекелеген топтар құрылған.
Бөлімше командирлері ұрысты ұйымдастыру, оқ атуды басқару, қаруды қалыпты ұрыс жағдайына келтіру, жауынгерлік даярлық сабақтарын өткізу әдістемесі мәселелері бойынша оқыды.
Оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер бақылау сабақтар барысында сынақтар тапсырып, нәтижелер бойынша олар штаттық техника және қару-жарақпен жұмыс істеуге жіберілді.
Келесі кезеңде жауынгерлік міндеттерді орындауда іс-қимылдарын пысықтауға үйлестіреді.