Ресейге қашпақ болған Мәсімов ұсталды
Іздеуде жүрген Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы, абақтыдағы Кәрім Мәсімовтың інісі Нұрлан Мәсімов Қазақстан шекарасынан Ресейге өтпек болған кезде ұсталған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Ағымдағы жылғы 13 шілдеде антикоррупиялық қызметі шекара қызметімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысының аумағында Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны жалған құжаттар бойынша өту әрекеті кезінде Нұрлан Мырзаханұлы Мәсімовті ұстады» делінген Антикор хабарламасында.
Еске салайық, Нұрлан Мәсімовке аса ауыр коррупциялық қылмыс жасады деген айып тағылған еді.