Белгілі журналист ірі көлемдегі парамен ұсталды

0 398

Журналист әрі блогер Махамбет Әбжан 50 миллион теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.

Бүгін таңертең Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет журналистің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол таңғы сағат 7-де Astana tower бизнес орталығының маңында ұсталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-та таратылып, беделін түсіретін ақпараттар арқылы кәсіпкерлерден аса ірі көлемде ақша бопсалаған азамат М.Әбжанның қылмыстық әрекетін тоқтатты. Осы жылдың 3 шілдесі арнайы операция нәтижесінде азамат М.Әбжан 50 миллион теңге алып жатқан жерінен ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды» делінген хабарламада.
Жемқорлыққа қарсы агенттік Әбжанның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы туралы ақпаратты тексеріп жатқаны атап өтілді. Журналистке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194 бабы 4-бөлігінің 2-тармағы «Аса ірі мөлшерде бопсалау» бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

https://youtube.com/shorts/dEKPaVojVPk?feature=share

Leave A Reply

Your email address will not be published.